Коммунальное Государственное Учреждение Школа-центр дополнительного образования 43" акимата города Нур-Султан
Наши новости
ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ БОЙЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бұл оқу құралы орта буын оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша сыныптан тыс жұмыстардың бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін материалдардан тұрады. Әдістемелік құралдың құрылымы мен мазмұны жалпы орта білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие үдерісі шеңберінде білім берудің заманауи талаптарын ескере отырып құрастырылған. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған материалдар жеке, метапәндік деңгейлерде ұсынылған, оның ішінде отандық және шетелдік ғалымдар мен практик-педагогтардың мойындалған әдістері қамтылған.
Қазақстанның экологиялық қоры әдістемелік оқу құралын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ грантының асында әзірлеген.
Бұл оқу құралы орта буын оқушыларында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс жұмыстардың бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін материалдардан тұрады. Әдістемелік құралдың құрылымы мен мазмұны жалпы орта білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие үдерісі шеңберінде білім берудің заманауи талаптарын ескере отырып құрастырылған. Материалдар білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге, сондай-ақ халықтың экологиялық сауатын арттыруға мүдделі тұлғаларға арналған. Әдістемелік оқу құралы жалпы білім беретін мектептің 12-15 жас аралығындағы оқушыларына пайдалы болары сөзсіз.
Қоршаған ортаның қазіргі жағдайы орта білім беру жүйесінде өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруды ұйымдастырудың мазмұны мен формасын қайта қарастыруды қажет етеді. Қазіргі әлемде экономика, мәдениет, білім және ақпарат салаларында жаһандану үрдісі, өркениеттің біртұтас жүйе ретінде қалыптасуы байқалды. Сонымен қатар, шешімі үшін бүкіл әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін жаһандық деңгейде де, жергілікті деңгейде де біріктіру қажет мәселелер алдыңғы орынға қойылады. Бұл мәселелерге тап келгенімізге көп уақыт болды, экологиялық теңгерімсіздік дерегі ғалымдарды, өндіріс қызметкерлерін, оның ішінде қолында адамды тәрбиелеудің үлкен мүмкіндігі шоғырланған педагогтарды да алаңдатады, бұл табиғатқа қатысты мәдениетті дамытуды, сондай ақ экологиялық мәдениетті қалыптастыруды білдіреді. Егер болашақ мамандардың өндірісте, ғылымда, медицинада және т.б. өздерінің іс-әрекетін экологиялық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік беретін экология саласында білімі болса, яғни экологиялық санаға ие болса ғана экологиялық мәселелерді әртүрлі әдістермен шешуге болады. Демек, оқушылардың экологиялық ой-өрісін қалыптастыру, нәтижесінде экологиялық мәдениетті қалыптастыруды адамзаттың өмір сүруі мен болашақта дамуының қажетті шарты ретінде қарастырған жөн. Адамзатқа биосфераның қайтымсыз бұзылуының алдын алуға аз ғана уақыт қалды, қоршаған ортаның жай-күйін бағалауды барлық мүмкін болатын әдістермен адамдардың санасына тез жеткізуге көмектесетін тиімді шаралар қажет. Бұл үшін педагогтарды жұмылдырып, барлық оқу-тәрбие және сыныптан тыс жұмыстардың әлеуетін пайдалан отырып, экологиялық білім негіздерін енгізуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға , оқушылардың өз іс-әрекетін талдауы, қоршаған ортаға, табиғи ортаның әртүрлі объектілеріне қатысты шешімдер қабылдауы үшін экологиялық көзқарасын мақсатты түрде қалыптастыру тырысу қажет.
https://dropmefiles.com/jziQR
224 просмотров
Добавлено: 04.08.2022 в 16:09