Коммунальное Государственное Учреждение Школа-центр дополнительного образования 43" акимата города Нур-Султан
Наши новости
Балалар - біздің болашағымыз
Балалар - біздің болашағымыз. Біздің болашағымыз дені сау болуы үшін балаларға бала кезінен салауатты өмір салты дағдыларын үйретіп, оларды өз денсаулықтарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу, спортқа үйрету қажет.
№ 43 ҚББ мектеп-орталығында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сейсенбі, яғни, 17 қыркүйек күні Денсаулық күні өтті. Күн дене жаттығуынан басталды.
«Колибри» тобының және спорт секциясының оқушылары флешмоб ұйымдастырды. Сабақтарда физминуттар өткізілді.
Бастауыш сынып пен 5-6 сынып оқушылары үшін дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері С.Д. Ельев пен Р.А. Гуреев «Көңілді старт» өткізді. Балалар екі үлкен командаға бөлініп, спорттық тапсырмаларды сапалы, жылдам және епті орындауға тырысты. Жарыс бағдарламасы мазмұнды болды. Оқушылар барынша жинақылық, эмоционалдық тұрақтылық, ерік-жігер көрсету қажет болатын жағдайларда өздерінің қозғалыс, шығармашылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік алды.

2 просмотров
Добавлено: 17.09.2024 в 12:18