Меню KDT



Коммунальное Государственное Учреждение Школа-центр дополнительного образования 43" акимата города Нур-Султан

Наши новости

Неделя начальных классов с государственным языком обучения

2014-2015 оқу жылындағы бастауыш сыныптар апталығының қорытындысы жайлы   анықтама

 

Астана қаласы №43 орта мектебінде сәуірдің 6-сы мен 13-і аралығында бастауыш сыныптар апталығы өтті.Апталық   бекітілген жоспар бойынша өткізілді.


2014-2015 оқу жылындағы бастауыш сыныптар апталығының қорытындысы жайлы   анықтама

 

Астана қаласы №43 орта мектебінде сәуірдің 6-сы мен 13-і аралығында бастауыш сыныптар апталығы өтті.Апталық   бекітілген жоспар бойынша өткізілді.

Алғашқы күні апталықтың ашылуына байланысты жиын  өткізілді.Жоспармен таныстырылды. "Жүзден жүйрік" атты пәндер бойынша сайыс өткізілді.Сайысқа 1"б", 2"б",4"б"сынып оқушылары қатысты.Әдебиеттік оқудан,дүниетанудан,қазақ тілі пәндерінен тапсырмалар берілді.Оқушылар белсенділік танытты.Әр сыныптан озып шыққан оқушылар анықталды.Одан соң кесте бойынша  ашық сабақтар берілді.Бастауыш сынып мұғалімі Досанова Ш.А. 4"б"сыныбына әдебиеттік оқу пәнінен «Ғарыш қыраны» атты тақырыпта ашық сабақ берді.Сабақты қазіргі талапқа сай әдіс-тәсілдерді,СТО технологиясын пайдалана отырып,топқа бөліп  өткізді.Сабақ жоғары деңгейде өтті.2"б"сынып оқушыларына қазақ тілінен «Сан есім» тақырыбына ашық сабақ берді.Сабақта жұптық жұмыс, қазіргі сабақтың әдіс-тәсілдерін,жаңа технологияларын  орынды пайдалана білді.1"б"сыныпқа бастауыш сынып мұғалімі Асубаева А.А. математикадан "Уақыт.Сағат"тақырыбында ашық сабақ берді.Сабақта мұғалім қазіргі талапқа сай әдіс-тәсілдерді,жұптық жұмысты қолдана отырып өткізді.2"б"сыныбына дүниетанудан «Жануарлар қалай қоректенеді?»атты тақырыпта ашық сабақ берді.Жаңа технологияларды орынды пайдалана білді.Оқушыларды бір-біріне бағалату өте сәтті шықты.Математика пәнінен олимпиада өткізілді.Мұндағы мақсат оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,математикаға деген қызығушылықтарын арттыру.Мұнда тестік жұмыстар,логикалық тапсырмалар берілді. Тапсырмалар әр сыныптың жас ерекшелігі ескеріліп берілді. «Менің таңдаған мамандығым»атты шығармалар сайысы өтті.Шығарманы 2,4 сынып оқушылары жазды.Оқушылардың ой-өрістерін кеңейту,ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілген бұл сайысты да оқушылар жақсы орындап шықты.12 сәуір ғарышкерлер күніне орай  «Ғарыш әлеміне саяхат»тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Видеофильмдер көрсетілді,қосымша көп деректер берілді.Соңынан оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы алған білімдерін қорытындылады.Апталықты өткізу барысында барлық оқушылар белсенділік танытты.Бастауыш сынып мұғалімдері Досанова Ш.А. мен Асубаева А.А.апталыққа үлкен мән беріп,жақсы дайындалғаны байқалды.Апталыққа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Е.Изатова қатысып,өзінің ризашылығын білдірді.Соңынан апталық салтанатты түрде жабылып,белсенділік танытқан оқушылар Мадақтамалармен марапатталып,сыйлықтар берілді.Апталыққа жақсы деген баға берілді.

 

Анықтаманы жазған ӘБ жетекшісі                               Досанова Ш.А.


1080 просмотров
Добавлено: 14.04.2015 в 23:03

Другие ресурсы