Мектептің байланыс нөмірі 8(717)291-86-63

📋 2026 жылдың I жартыжылдығында Астана қаласы әкімдігінің «№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» травматологиялық пунктіне жарақаттар мен

басқа да зақымданулар бойынша 54 561 бала жүгінді.

📊 2025 жылы травматологиялық пунктке 112 775 бала жүгінген, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 15,9%-ға жоғары (97 333 жүгіну).

⚠️ Жүгінулерді талдау нәтижесі бойынша балалар жарақатының құрылымы тұрақты күйінде қалып отыр: негізгі үлесті тұрмыстық және көшедегі жарақаттар құрайды.

✔️ Травматологиялық пункт мамандары балаларға әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі жарақаттар кезінде ТМККК және МӘМС шеңберінде тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

❗ Ата-аналарға үйде, көшеде және спортпен шұғылдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске саламыз. Жарақат алған жағдайда медициналық көмекке уақытылы жүгіну қажет.

Құжаттама

Аты Түрі мен өлшемі
, Қараңыз Жүктеу