Мектептің байланыс нөмірі 8(717)291-86-63

Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті 🌿

Мерекелік іс-шараға мектеп оқушылары белсене қатысып, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Оқушылар ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеп, әсем ән айтып, би билеп, көріністер қойып, жиналған көпшіліктің ықыласына бөленді.

Іс-шара барысында ұлттық ойындар ойнатылып, ауыл тұрғындары да белсенділік танытып, мерекенің сәнін келтірді. Бұл күн ұрпақтар сабақтастығын жалғап, халқымыздың бай мәдениетін насихаттауға үлкен мүмкіндік болды.

Наурыз – бірлік пен жаңарудың, татулық пен ізгіліктің мейрамы. Осындай игі шаралар ауыл тұрғындарының ынтымағын арттырып, жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін нығайта түседі.