Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

“Жасыл ел” бағдарламасы бойынша мектебіміздің оқушылары 2025 жылдың 2 мамырдан бастап 31 мамырға дейін жұмыс істеп жатыр. Бұл ретте әрбір қатысушы бір айдан аспайтын мерзімге жұмысқа орналасады. Оқушыларымыз мектеп маңындағы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарымен айналысады. “Жасыл ел” бағдарламасының мақсаты: жастар арасында экологиялық тәрбинені насихаттау болып табылады. Демек, жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген патриоттық сезімін ояту. […]

Толығырақ

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Астана қаласы Мичурино тұрғын алабының тыл ардагерлеріне арналған “Естелік кітабы” ұсынылады.

Толығырақ

8 мамырда № 43 ҚББ мектеп-орталығы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ № 10 көпшілік кітапханасымен бірлесіп, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған сап пен ән байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойында азаматтықты, патриотизмді дамыту, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сана-сезімді, өз Отанына адалдық сезімін, оның мүдделерін қорғауға дайындықты қалыптастыру. Байқауға 2-4 сынып […]

Толығырақ

8 мамырда № 43 ҚББ мектеп- орталығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған «Отан патриоттары» әскери-спорттық жарысы өтті. Өткізу мақсаты: — Патриоттық, жауапкершілік пен ұжымшылдық сезімін тәрбиелеу. — Дене даярлығын, шыдамдылық пен ақыл-ойды дамыту. — Бастапқы әскери даярлық элементтерiмен танысу. Қатысушылар 8-10 сынып оқушылары. Жарыс кезеңдері: 1. «Марш-лақтыру» (кедергілер жолағы) […]

Толығырақ

Ұлттық ойындар – бұл халықтың мәдениетінің ажырамас бөлігі, олар дәстүрлерді, рухани мұраны және ұрпақтар сабақтастығын сақтауға көмектеседі. Қазақстанда ұлттық ойындар көптеген ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған. Мақсаты: Оқушыларды ұлттық құндылыққа дәріптеу және ұлттық құндылықты сақтау. №43 ҚББМО Дене шынықтыру пән мұғалімдері Тилеубек А Ельев С. Д Гуреев Р. А

Толығырақ

Астана қаласы әкімдігінің “Әдістемелік орталық”КҚМ мекемесінің 2025 жұмыс жоспарына сәйкес №43 қосымша білім беру мектеп-орталығында “Бұқар жырау үні” атты республикалық ғылыми-шығармашылық конференция өтті. Конференцияға : Алматы облысы, Қарағанды облысы, Ақмола облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысынан және Астана қаласы білім ұйымдарынан жүзден аса мұғалімдері қатысты. Конференцияны Астана қаласы әдістемелік орталығының басшысы орынбасары Жанкелді Қуандықұлы құттықтау […]

Толығырақ

Бүгінгі күн жігерлі және позитивті басталды! Денсаулық күніне орай дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері оқушыларға таңғы дене шынықтыру сабағын өткізді. Бірнеше қарапайым жаттығулар — күн бойына қуат, тамаша көңіл-күй мен әл-ауқаттың артуына кепілдік беріледі! Өткізген дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері: Ельев С.Д. Гуреев Р.А.

Толығырақ

Бүгін “9 ай, 9 іс-шара”, Мектеп тәлімгерлері апталығына сәйкес мектебімізде Тілдер бірлестігі мен мектеп кітапханашысы Сарсенова А.Т. ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш өтті. ⠀ Кеш барысында оқушылар ақынның жүрек тербер жырларын жатқа оқып, шығармашылық өмірінен сыр шертті. Ұстаздарымыз ақынның сөзінде жазылған […]

Толығырақ

2025 жылдың 17  сәуірінде Астана  қаласы әкімдігінің Әдістемелік  орталығының  жоспарына  сәйкес, №43 қосымша білім  беру мектеп-орталығында «Ерекше білім беруді қажет ететін баланың шығармашылық қабілетін дамытудағы педагог шеберлігі» атты  қалалық форум Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» қолдауымен  өтті. Форумға білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері, арнайы мамандары, педагог-ассистенттер, педагог-психологтар, Астана  қаласы әкімдігінің «№2 психологиялық -педагогикалық түзету кабинеті» […]

Толығырақ

Ұлттық ойындар эстафетасы! Салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың денсаулығын нығайту және қазақтың бай мұрасын дәріптеу мақсатында мектебімізде «Дені саудың – жаны сау» атты ұлттық ойындар эстафетасы ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар тоғызқұмалақ, асық ату, бес тас ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсіп, өз ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті. Әр ойын – тек дене шынықтыру емес, сонымен қатар бірлік […]

Толығырақ