8 мамырда № 43 ҚББ мектеп- орталығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған «Отан патриоттары» әскери-спорттық жарысы өтті. Өткізу мақсаты:
— Патриоттық, жауапкершілік пен ұжымшылдық сезімін тәрбиелеу.
— Дене даярлығын, шыдамдылық пен ақыл-ойды дамыту.
— Бастапқы әскери даярлық элементтерiмен танысу.
Қатысушылар 8-10 сынып оқушылары.
Жарыс кезеңдері:
1. «Марш-лақтыру» (кедергілер жолағы)
2. «Дәл бағыттаушы» (дартс немесе нысаналарға ату)
3. «Санитар» (алғашқы көмек көрсету)
4. «Арқанды тарту»
5. «Әскери-танымдық викторина»
Байқау қорытындысы бойынша:
1 орын — 10 “А” сыныбы
2 орын — 8”Ә” сыныбы
3 орын — 9 “Ә”сыныбы
Мына Номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды: “Үздік мерген”, “Ең жүйрік”, “Патриоттар”, “Шұғыл көмек шебері”