8 мамырда № 43 ҚББ мектеп-орталығы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ № 10 көпшілік кітапханасымен бірлесіп, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған сап пен ән байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойында азаматтықты, патриотизмді дамыту, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сана-сезімді, өз Отанына адалдық сезімін, оның мүдделерін қорғауға дайындықты қалыптастыру.
Байқауға 2-4 сынып оқушылары қатысты. ҚР мемлекеттік әнұраны орындалды.
Мектеп директоры Р.Тәкебаев барлық қонақтарды қарсы алып, еліміздің барлық ардагерлеріне шексіз бақыт пен денсаулық, ал қатысушыларға сәттілік тіледі! Әр сынып бөлімшесі саптық дайындық бойынша орындады, ол келесі көрсеткіштер бойынша бағаланды: саптың тәртібі, сыртқы келбеті, саптық қадамы, саптық әндің орындалуы, командирдің іс-қимылы. Бәрі де өте жақсы орындалмаса да, барлығы жеңіске ұмтылып, жасақ командирінің командасын нақты орындады.
Байқау қорытындысы бойынша:
1 орын — 3 “В” сыныбы
2 орын — 3 “Ә”сыныбы
3 орын — 3”Б”сыныбы
Мына Номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды:
«Ең тату команда»,«Әскери тәртіп үлгісі»,
«Саптық әнді үздік орындағаны үшін», «Жүректен шыққан Жеңіс әні», «Біз — жас қорғаушыларбыз»,«Ұрпақ үніндегі ерлік»,«Үздік дебют үшін»,«Саптағы серпін»,
«Ең жақсы келбеті үшін»,«Жеңіске бастаған жүріс»,
«Саптық элементтерді үздік орындағаны үшін», «Үздік саптық қадам», «Сапқа тұрғаны үшін», «Саптағы ұлылық»,«Ең тартымды ұжым», «Мықты рух – мықты сап»,«Көрермендер көзайымы сыйлығы»
Іс-шара соңында № 71 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары тамаша саптық және дене даярлығын, өзін-өзі қорғау тәсілдерін қарусыз және қоян-қолтық ұрыссыз жақсы меңгергендігін көрсетті.
Сап пен ән байқауының барлық қатысушыларын құттықтаймыз!
Сап пен ән байқауы
