“Жасыл ел” бағдарламасы бойынша мектебіміздің оқушылары 2025 жылдың 2 мамырдан бастап 31 мамырға дейін жұмыс істеп жатыр. Бұл ретте әрбір қатысушы бір айдан аспайтын мерзімге жұмысқа орналасады. Оқушыларымыз мектеп маңындағы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарымен айналысады. “Жасыл ел” бағдарламасының мақсаты: жастар арасында экологиялық тәрбинені насихаттау болып табылады. Демек, жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген патриоттық сезімін ояту. Жетекшісі: Неткалиева Айгерим Дюсенбаевна