Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

🇰🇿 Мақтанышымыз – Мемлекеттік рәміздер! 🇰🇿

Бүгін мектебіміздің жанынан ұйымдастырылған «Ақ желкен» жазғы лагері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жалпыұлттық Әнұран айту челленджіне белсене қатысты!

Отанға деген құрмет пен патриоттық рухты дәріптейтін бұл игі бастама аясында лагерь қатысушылары еліміздің Мемлекеттік Әнұранын ерекше тебіреніспен, зор мақтанышпен орындады.

🌟 Челлендж мақсаты – жас ұрпақ бойына отансүйгіштік сезімін сіңіру, Мемлекеттік рәміздерімізге деген құрметті арттыру.