Мектептің байланыс нөмірі 8(717)291-86-63

Жаңалықтар

🌸 Бүгін мектебімізде «Қазақ тілі апталығының» салтанатты ашылуы өтті! 💫 Апталықтың басты мақсаты – ана тілімізге деген құрметті арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оқушылардың тіл байлығын дамыту және қазақ тілінің қадір-қасиетін дәріптеу. 📖 Ана тіліміз – халқымыздың асыл қазынасы, ұлттық болмысымыздың айнасы. Тілімізді құрметтеу – ұлтымызды құрметтеу! 🎉 Апталық аясында оқушыларды қызықты сайыстар, танымдық іс-шаралар […]

Толығырақ

Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның бойына адамгершілік пен жауапкершілік қасиеттерін сіңіретін, ел болашағын тәрбиелейтін тұлға. Ұстаздар күні – осы абыройлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіп, олардың еңбегін бағалайтын ерекше мереке. Осыған орай Астана қаласының Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының өнерпаздары ұстаздарға арнап «Ұстаз – ұлт мерейі» атты арнайы құттықтау әзірледі. Шығармашылық ұжымның өнерпаздары ән […]

Толығырақ

18 қыркүйекте мектепте “Мектеп-оқушы- ата-ана: бір мақсат, бір жауапкершілік” ьақырыбында №1 жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – мектеп, оқушы және ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне ортақ жауапкершілікті қалыптастыру, білім алушылардың мектеп ережелерін сақтауына және оқу-тәрбие үдерісіне ата-аналардың белсенді қатысуына жағдай жасау.  

Толығырақ

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында мектебімізде «Таза мектеп – таза орта» тақырыбында сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке оқушылар белсене қатысып, мектеп ауласын тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына атсалысты. 🌱🧹 Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және туған жерді таза ұстауға тәрбиелеу. ✨ Тазалық – әр адамның өзінен басталады! Бірге […]

Толығырақ

Сіздерді жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысына шақырамыз! 🤝 🗓 18 қыркүйек ⏰ 17:00 Жиналыстың тақырыбы: «Мектеп – оқушы – ата-ана: бір мақсат, бір жауапкершілік» Бала тәрбиесі мен білім беру жолындағы ортақ мақсатымыз — мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс орнату, балаға қолайлы орта қалыптастыру және болашағына бірге бағыт беру.

Толығырақ

Отбасы — адам өміріндегі ең қымбат қазына. Бұл — қуанышыңды бөлісетін, қиын сәтте қолдайтын, әрдайым жүрегіңе жылу сыйлайтын жандардың мекені. 🏡 Әр шаңырақта береке мен бірлік, сыйластық пен сүйіспеншілік орнасын! Ата-анамыз аман, балаларымыз бақытты, отбасымыз әрдайым бүтін болсын! 🤍 Отбасы — бақыттың бастауы! Мерекелеріңіз құтты болсын! 🌷

Толығырақ

Бүгін, 4 қыркүйек күні Астана қаласы №43 ҚББ МО мектебінде инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды қолдау мәселелері бойынша семинар өтті. Мектеп директоры Такебаев Рустам Манарбекович инклюзивті білім берудің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, әрбір баланың сапалы білім алуға құқығы бар екенін атап өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, ЕБҚЕ […]

Толығырақ

Толығырақ

1 қыркүйекте мектебімізде «ҚР Конституциясы — адам азаттығы, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында 2026–2027 оқу жылының салтанатты жиыны өтті. Мереке Ту енгізіліп, Әнұран орындаумен басталып, мектеп директоры мен қонақтардың құттықтау сөзімен жалғасты. Өміріндегі алғашқы қоңырау үнін естіген 1-сынып бүлдіршіндеріне ерекше назар аударылды. Оларға мектебіміздің ұжымы 5 жыл бойы баптап өсірген алма бағының […]

Толығырақ

2026 жылғы 28 тамызда № 43 ҚББМО-та «Білім беру жүйесін стратегиялық дамыту: конституциялық құндылықтар, жасанды интеллект және адами капитал» тақырыбында № 1 педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес барысында жаңа оқу жылындағы педагогикалық ұжым қызметінің негізгі бағыттарын айқындайтын өзекті мәселелер қарастырылды: 1. Жаңа оқу жылындағы басымдықтар мен негізгі жұмыс бағыттары. 2. Оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспарын бекіту. […]

Толығырақ