Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Хаттама

 

Құрметті оқушылар!

Сіздерді 2025 жылдың 2 маусымы мен 27 маусымы аралығында өтетін “Інжу» этномәдени лагерге шақырамыз!

Бұл лагерде балалар қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары, қолөнері мен музыкалық мұраларымен терең танысады. Қатысушылар ұлттық құндылықтар арқылы өз мәдениетін тануға, құрметтеуге және достық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алады.

Өткізілу уақыты: күн сайын (дүйсенбі – жұма)
Сағат: 10:00 – 13:00
Өткізілу мерзімі: 02.06 – 27.06

Келіңіздер! Ұлттық рухты бірге сезінейік, мәдениетімізді бірге дәріптейік!
43 ҚББМО
Байланыс үшін: +77024001060
+7 707 903 5562

∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴

 

🌞 «Ақжелкен» жазғы лагері сіздерді қарсы алуға дайын! 🌿
📍 43 мектеп жанындағы лагерь
📅 Басталуы: 2 маусым
👧🧒 1–4 сынып оқушыларына арналған

🎉 Көңілді жаз – жарқын естеліктермен басталады!

📌 Бізде:
— Күн сайын қызықты ойындар мен спорттық жарыстар
— Шығармашылық үйірмелер (бейнелеу өнері, ән-би, қолөнер)
— Танымдық экскурсиялар мен ашық сабақтар
— Кино көрсетілімдері мен көңілді кештер
— Дәмді әрі пайдалы 2 мезгіл тамақ

🎨 Балаларыңыздың жазғы демалысын қауіпсіз, мазмұнды және қызықты өткізгіңіз келсе – “Ақжелкен” лагері сіздерді күтеді!

📞 Қосымша ақпарат алу үшін:
Мектеп әкімшілігіне немесе сынып жетекшісіне хабарласыңыз.877783622032 вацап

∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴∴

Құрметті пікірсайысшылар!
Сіздерді 43 мектеп қосымша білім беру орталығы Парасат дебат клубының үйірмесіне қатысуға шақырамыз.
Жазғы дебат үйірмесіне тіркелу ашық екенін хабарлаймыз!
Үйірменің мақсаты:
Оқушыларды логикалық және сыни ойлауды, коммуникативті мәдениетті және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту, тәуелсіз шешім қабылдауға және қоғамның болашақ көшбасшысы ретінде жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ету.
Үйірмеге қатысу арқылы сіз не аласыз:
1. Пікірсайыстағы негізгі бөлімдері бойынша дәрістер: пікірталас негіздерін біліп, дағдыларыңызды дамытасыздар.
2. Тәжірибе алмасасыздар және алған білімдеріңізді бекітесіздер.
3. Мектебіміздің үздік спикерлерінен кері байланыс: құнды кеңестер мен ұсыныстар аласыздар.
— Өткізу мерзімі: 2-27маусым.
Келіңіздер күтеміз !!