Астана қаласы әкімдігінің “Әдістемелік орталық”КҚМ мекемесінің 2025 жұмыс жоспарына сәйкес №43 қосымша білім беру мектеп-орталығында “Бұқар жырау үні” атты республикалық ғылыми-шығармашылық конференция өтті. Конференцияға : Алматы облысы, Қарағанды облысы, Ақмола облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысынан және Астана қаласы білім ұйымдарынан жүзден аса мұғалімдері қатысты. Конференцияны Астана қаласы әдістемелік орталығының басшысы орынбасары Жанкелді Қуандықұлы құттықтау сөзбен ашты. Конференция төрт бағытты қамтыды.
Конференцияға арнайы, Көмекей әулие мұрасын зерттеуші, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев ағамыз қатысып, тұщымды баяндама жасады.
Сонымен қатар, Күліш Төлеуханқызы, Шибаева Мүгілсім, Қалиасқар Шыныбектегі, Ермухамбетов Бауыржан, Кәріпбаев Жанбота, Алиленов Сәкен, Хамитов Жасұлан, Макишев Жанұзақ, Идрисов Айдар сынды т.б өнер жанашырлары мен баба мұрасын жалғаушы тұлғалар болды.
Мектеп директоры Такебаев Руслан Манарбекұлы, оқу ісі жөніндегі орынбасары Құсбекова Сандуғаш Темірқызы бастамаларымен бастау алған шара, театрланған көрініспен ашылып, кітап авторлары филология факультетінің доценті Айтбай Жұмағұл, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев және Амантай Нұртайұлы Акишевтің “Он бір бағыттағы он бір қадам” атты жоба аясында қолдау тапқан кітаптарының тұсауы кесілді.
Бұқар жырау мұрасын дәріптеуші мектеп ұжымына Бұқар жырау аудан әкімдігі және Бұқар жырау есімімен аталатын қоғамдық қорының басшысы Амантай Нұртайұлы Акишев атынан алғыс хаттар табысталды. Барлық қатысушыларға іс-тәжірибесімен бөліскенін растайтын сертификаттар табысталды.
“Бұқар жырау үні” Республикалық ғылыми-шығармашылық конференция
