Жаңалықтар

⚜️ Ұлттық жоба – білім беру жүйесінде тың әрі ауқымды инфрақұрылымдық бастаманы іске асырудың нәтижесі.
🇰🇿 Мақтанышымыз – Мемлекеттік рәміздер! 🇰🇿 Бүгін мектебіміздің жанынан ұйымдастырылған «Ақ желкен» жазғы лагері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жалпыұлттық Әнұран айту челленджіне белсене қатысты! Отанға деген құрмет пен патриоттық рухты дәріптейтін бұл игі бастама аясында лагерь қатысушылары еліміздің Мемлекеттік Әнұранын ерекше тебіреніспен, зор мақтанышпен орындады. 🌟 Челлендж мақсаты – жас ұрпақ бойына отансүйгіштік […]

1 маусым – Балалар күніне орай мектебіміздің белсенді оқушылары «Менің дауысым» челленджін ерекше ықыласпен түсіріп шықты. Олар өз ойларын ашық айтып, арман-мақсаттарымен бөлісіп, қоғамда өз дауыстарының естілуі маңызды екенін көрсетті. 🌟

2024-2025 оқу жылы аяқталды. 24 мамыр күні № 43 ҚББ мектеп-орталығында «Мектеп, саған мың алғыс!» оқу жылының аяқталуына арналған дәстүрлі салтанатты жиын өтті. Мектеп директоры Р.М.Тәкебаев оқу жылының аяқталуымен құттықтап, түлектерге жылы лебізін білдіріп, алдағы емтихандарды жақсы тапсыруға тілектестік білдірді. Мектеп директоры мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары 11 сынып түлектерді мемлекеттік қорытынды аттестаттауға жіберу […]

“Жасыл ел” бағдарламасы бойынша мектебіміздің оқушылары 2025 жылдың 2 мамырдан бастап 31 мамырға дейін жұмыс істеп жатыр. Бұл ретте әрбір қатысушы бір айдан аспайтын мерзімге жұмысқа орналасады. Оқушыларымыз мектеп маңындағы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарымен айналысады. “Жасыл ел” бағдарламасының мақсаты: жастар арасында экологиялық тәрбинені насихаттау болып табылады. Демек, жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген патриоттық сезімін ояту. […]

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Астана қаласы Мичурино тұрғын алабының тыл ардагерлеріне арналған “Естелік кітабы” ұсынылады.

8 мамырда № 43 ҚББ мектеп-орталығы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ № 10 көпшілік кітапханасымен бірлесіп, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған сап пен ән байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойында азаматтықты, патриотизмді дамыту, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сана-сезімді, өз Отанына адалдық сезімін, оның мүдделерін қорғауға дайындықты қалыптастыру. Байқауға 2-4 сынып […]
8 мамырда № 43 ҚББ мектеп- орталығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған «Отан патриоттары» әскери-спорттық жарысы өтті. Өткізу мақсаты: — Патриоттық, жауапкершілік пен ұжымшылдық сезімін тәрбиелеу. — Дене даярлығын, шыдамдылық пен ақыл-ойды дамыту. — Бастапқы әскери даярлық элементтерiмен танысу. Қатысушылар 8-10 сынып оқушылары. Жарыс кезеңдері: 1. «Марш-лақтыру» (кедергілер жолағы) […]

Ұлттық ойындар – бұл халықтың мәдениетінің ажырамас бөлігі, олар дәстүрлерді, рухани мұраны және ұрпақтар сабақтастығын сақтауға көмектеседі. Қазақстанда ұлттық ойындар көптеген ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған. Мақсаты: Оқушыларды ұлттық құндылыққа дәріптеу және ұлттық құндылықты сақтау. №43 ҚББМО Дене шынықтыру пән мұғалімдері Тилеубек А Ельев С. Д Гуреев Р. А

Астана қаласы әкімдігінің “Әдістемелік орталық”КҚМ мекемесінің 2025 жұмыс жоспарына сәйкес №43 қосымша білім беру мектеп-орталығында “Бұқар жырау үні” атты республикалық ғылыми-шығармашылық конференция өтті. Конференцияға : Алматы облысы, Қарағанды облысы, Ақмола облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысынан және Астана қаласы білім ұйымдарынан жүзден аса мұғалімдері қатысты. Конференцияны Астана қаласы әдістемелік орталығының басшысы орынбасары Жанкелді Қуандықұлы құттықтау […]