Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024-2025 оқу жылы аяқталды.
24 мамыр күні № 43 ҚББ мектеп-орталығында «Мектеп, саған мың алғыс!» оқу жылының аяқталуына арналған дәстүрлі салтанатты жиын өтті. Мектеп директоры Р.М.Тәкебаев оқу жылының аяқталуымен құттықтап, түлектерге жылы лебізін білдіріп, алдағы емтихандарды жақсы тапсыруға тілектестік білдірді.
Мектеп директоры мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары 11 сынып түлектерді мемлекеттік қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрықты оқып, қол жеткізген жетістіктері үшін мақтау қағаздарымен марапаттады.
Бақытты түлектер құттықтау сөздеріне жауап ретінде ұстаздарына дана кеңестері үшін алғыс айтып, би билеп, әндер, өлеңдер шырқады. «Мектеп, саған мың алғыс!» оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын әр түлек үшін мәңгі жарқын және қуанышты естелік болып қала береді.
Біз түлектерге емтихан тапсыруда сәттілік, ашық аспан, жарқын күн, жақсы көңіл-күй тілейміз! Біз мектеп олар үшін әрқашан туған үйі, ал мұғалімдер — мейірімді кеңесші болады деп сенеміз.