Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бүгін “9 ай, 9 іс-шара”, Мектеп тәлімгерлері апталығына сәйкес мектебімізде Тілдер бірлестігі мен мектеп кітапханашысы Сарсенова А.Т. ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш өтті.

Кеш барысында оқушылар ақынның жүрек тербер жырларын жатқа оқып, шығармашылық өмірінен сыр шертті. Ұстаздарымыз ақынның сөзінде жазылған әуезді әндерді шырқап, ерекше атмосфера орнатты. Әсем ән, сырлы өлең мен шынайы сезімге толы шара көрермен жүрегіне жол тапты.

Бұл кеш – ұлт ақынының рухына тағзым, жас ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырудың бір көрінісі болды.

Тұманбай жыры – мәңгілік!