Абай рухы – мәңгілік шамшырақ 🌿
Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Абай мұрасы – ұлт қазынасы» атты әдеби кеш өтті.
Кеш барысында оқушылар ұлы ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөздерінен нақылға толы ойларымен бөлісті. Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған сахналық көріністер көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
🎶 Ән мен жыр, терең ой мен тағылымға толы бұл шара жас ұрпақтың жүрегіне қазақтың ұлы ойшылының рухын дарытты.
Абайдың сөзі – өмір сабағы, Абайдың мұрасы – мәңгілік өнеге.

