«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бүгін біздің мектебімізде 11-сынып оқушыларына арналған «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында оқушылар Конституцияның негізгі баптарымен танысып, адам құқықтары мен бостандықтарының маңызы, заң мен тәртіп қағидаттары туралы өз ойларымен бөлісті.
Сынып сағаты оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауға және саналы азамат болып қалыптасуына оң ықпал етті.
Сынып жетекші: Бегалина В.О.

