Мектептің байланыс нөмірі 8(717)291-86-63

«№43 қосымша білім беру мектеп -орталығында» 2025-2026 оқу жылының
10 қазан айында 5-6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Биылғы жылдың ерекшелігі «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңінде платформаға тіркелу «Зерделі» ақыл -ой дамыту орталығы алдын ала жіберген нұсқаулық арқылы жүзеге асырылды.
5-6 сыныптардан тізімнен өткен 21 оқушы қатысты. Жалпы 4 оқушы аудандық кезеңге жолдама алды.
Олимпиада қорытындысы 5 сыныптар бойынша І-ІІІ орынға ие болған 3 оқушы аудандық кезеңге жолдама алды. Олар:
І дәрежелі диплом:
— Солдатхан Альназар (37 балл). Жетекшісі Омаров Ж.К;
ІІ дәрежелі диплом:
— Қайрат Шыңғыс — (34 балл). Жетекшісі Омаров Ж.К;
ІІІ дәрежелі диплом:
— Скаков Арсен — (32балл). Жетекшісі Омаров ЖК.
Грамота:
— Темірбек Ансар және Өмірсерік Бексұлтан. Жетекшісі Омаров Ж.
— Рябухин Ратмир. Жетекшісі Жетписова Б.М.
6 сыныптар арасында 1 оқушы ІІІ орынды иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды:
ІІІ дәрежелі диплом:
— Калихан Дастан (30балл). Ботрашев Ж.С.
Грамота:
— Марат Інжу. Жетекшісі Рахимбаева Г.С.
Сонымен қатар қатысқан оқушыларға қатысқаны үшін және ортадан жоғары балл жинаған үшін 5 оқушыға сертификат табысталды.
Оқушылардың жұмысы бойынша талдау жұмыстары жүргізіледі және жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспары бекітіледі.

Директордың ОІЖ орынбасары С.Кусбекова
ЖМБ әдістемелік бірлестік жетекшісі Ж.Омаров.