


Астана қаласы әкімдігінің №43 қосымша білім беру мектеп -орталығында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының 2025-2026 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес, Астана қаласы білім беру мекемелерінің бастауыш сынып оқушыларына арналған республикалық «Бастау» математикалық олимпиадасының қалалық кезеңіне іріктеу өткізу туралы 2025 жылғы 13 қаңтардағы №35/02-01 шығыс хаты негізінде бастауыш сыныптар арасында математикадан мектепішілік олимпиада «2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» Республикалық математикалық олимпиадасының Ережесіне сәйкес қалалық олимпиаданың кезеңіне іріктеу 2-4 сыныптар арасында 2026 жылдың 22 қаңтарында өткізілді.
Республикалық «Бастау» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңіне 2-4 орыс және қазақ сыныптары оқушылары арасынан 21 оқушы қатысты.
Олимпиада тестілеу форматында (15 тапсырма) өтті. Олимпиаданың мақсаты – математикалық білім мен логикалық ойлаудың даму деңгейн анықтау. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 2 команда (орыс және қазақ тілінде) сыныптардан жасақталды: 2 сыныптан 1; 3 сыныптан -1; 4- сыныптан – 1оқушы.
Алдағы күндері өтетін қалақы кезеңде командаға сәттілік тілейміз.
Директордың ОІЖ орынбасары С.Кусбекова.

