Мектептің байланыс нөмірі 8(717)291-86-63

Мектебімізде «Терезе – SAFE» республикалық науқаны аясында түсіндірме іс-шара өтті. Шара барысында балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу, тұрмыстық қауіпсіздік ережелерін сақтау және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мәселелері сөз болды.

👮‍♀️ Кездесу барысында құқықбұзушылықтың алдын алу және жалпы қауіпсіздік шаралары туралы да әңгіме қозғалды. Лекцияны полиция капитаны Алходжаева Айнур жүргізіп, оқушыларға нақты мысалдар арқылы пайдалы ақпарат берді.

🔒 Басты мақсат – әр оқушының өмірі мен қауіпсіздігін сақтау.