Мектептің байланыс нөмірі 8(717)291-86-63

«Balapan» арнасының игілікті бастамасы бүгін де өз жалғасын тапты

 

«Balapan» арнасының ұжымы Астана қаласындағы №43 мектептің жылыжайына барып, бау-бақшаны баптап жүрген балаларға көмектесті.

🍅Мұнда қияр, қызанақ, бұрыш, баялды секілді көкөністер өседі. Бұл ерекше бастама балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұл балалар жылыжайда арамшөп жұлды, бақша өнімдеріне су құйды. Қыздар қызанақ, қияр теріп, себетке жинады.

😊 Бұл игі істі жасаудағы мақсат — балалардың бау-бақша өнімдерін баптауға, өсімдік әлемін тануға деген құлшынысын ояту.

Ертең «Balapan» арнасы игі іс жасауға тағы бір жерге барады. Қайда деп ойлайсыңдар?