24 сәуір 2026 жылы Астана қаласындағы №43 қосымша білім беру мектеп-орталығында «Баршаға қолжетімді және сапалы білім: тәжірибе, мәселелер және мүмкіндіктер» атты халықаралық форум аясында ауқымды іс-тәжірибе алмасу алаңы өтті.
Форумның мақсаты – инклюзивті білім берудің тиімді жолдарын талқылау, тәжірибе бөлісу және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыру.
📌 Бағдарлама аясында:
🔹 «Кедергісіз білім беру: Ізденіс. Зерттеу. Нәтиже» атты көрме ұйымдастырылып, оқушылар өз ғылыми жобаларын қорғады;
🔹 Панельдік отырыста отандық және халықаралық мамандар инклюзивті білім беру тәжірибелерімен бөлісті;
🔹 Шеберлік сағаттары мен практикалық алаңдарда педагогтер заманауи әдіс-тәсілдерді талқылады;
🔹 ЕБҚ оқушыларға арналған «Бочча» спорттық ойыны өткізілді;
🔹 ЭКО-жоба аясында мектеп жылыжайындағы зерттеу жұмыстары таныстырылды;
🔹 Тренингтер мен қорытынды шығармашылық қойылыммен форум өз мәресіне жетті.
Форум – тәжірибе мен жаңашылдықтың, қолдау мен сенімнің, кәсіби ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болды.Әр бала – қоғамның құнды мүшесі. Ал сапалы әрі қолжетімді білім – жарқын болашақтың кепілі!

