Мектептің байланыс нөмірі 8(717)291-86-63

Бүгін 25 мамыр күні мектебімізде «Білімім – Отаныма» тақырыбында 11 сыныптар үшін қорытынды мерекелік іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – түлектерге сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру.
Түлектер ұстаздарына алғыстарын білдіріп, әсерлі әндер айтып, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Соңғы қоңырау үні оқушылар үшін жаңа өмір кезеңінің басталуын білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара жас ұрпақты білімге, жауапкершілікке және ел болашағына адал қызмет етуге тәрбиелеуге бағытталды.