2025–2030 жылдарға арналған «Заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету» мемлекеттік тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Астана қаласы прокуратурасының бастамасымен “Болашақ прокурор” клубы құрылды.
Аталған іс-шараға мектеп директоры Такебаев Р.М. мен 10 «Ә» сынып оқушысы Жанаева Мадина қатысты.
Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тұрақты тетіктерді енгізу.
Клуб құрамына Сарайшық ауданы мектептерінің белсенді оқушылары енді.
Жаңа жобаға сәттілік тілейміз!


