Ағымдағы жылдың 30 сәуірде Астана қаласы әкімдігінің «№43 қосымша білім беру мектеп – орталығында» «Бұқар жырау толғауларындағы тәлім -тәрбие мен адамгершілік құндылықтар» тақырыбында республикалық ғылыми -практикалық конференция өтті.
Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының қолауымен өткен конференцияны Әдістемелік орталық басшысының м.а.Амиргалиев Жангелді Қуандықұлы алғыс сөзбен ашты.
Конференцияға Уфа ғылым және технология университетінің Стерлитамак филиалы башқұрт және түркі филологиясы факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, Утяев Айнур Фанисович, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ақмулла университетінің филологиялық білім және мәдениетаралық коммуникациялар институтының татар тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, М.Ақмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университінен Илшат Насипов – профессорлар, айтыскер ақын, Қарағанды қаласы Ұлттық университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Жумагулов Айтбай Ботбайұлы онлайн режимінде қатысты.
Арнайы шақыртумен Өзбекстан Республикасынан арнайы шақыртуды қабыл алып келген Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілім

