Ұлттық ойындар эстафетасы!
Салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың денсаулығын нығайту және қазақтың бай мұрасын дәріптеу мақсатында мектебімізде «Дені саудың – жаны сау» атты ұлттық ойындар эстафетасы ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар тоғызқұмалақ, асық ату, бес тас ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсіп, өз ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті.
Әр ойын – тек дене шынықтыру емес, сонымен қатар бірлік пен ұйымшылдықты арттыратын тамаша мүмкіндік болды.
Эстафета жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар көтеріңкі көңіл-күй мен пайдалы тәжірибе алды.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, денсаулықты нығайтқан шара баршаға серпін сыйлады!
Ұйымдастырушылар: Ельев С.Д., Гуреев Р.А., Тлеубек А., Уалханова Е.М.
https://www.instagram.com/p/DIdoGdUMBRs/