Дүниежүзілік денсаулық күніне орай өткен қалалық іс-шара
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Астана қаласында ұйымдастырылған «Денсаулыққа бірге» атты қалалық іс-шараға мектебіміздің оқушылары белсене қатысты.
Іс-шара аясында жаппай таңғы жаттығу өткізіліп, 1 шақырымдық жүгіру жарысы ұйымдастырылды. Оқушыларымыз салауатты өмір салтын насихаттап, жоғары белсенділік танытты.
Мектебіміздің намысын қорғаған оқушылар:
▪️ Сайлау Ильяс
▪️ Серик Камила
▪️ Чавро Максим
▪️ Гуреев Виктор
▪️ Нурмагамбетов Амирхан
Команданы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, жаттықтырушы Ельев С.Д. дайындады.
Белсенділік танытып, мектебіміздің абыройын асқақтатқан оқушыларымызға алғыс білдіреміз!
Салауатты өмір салтын бірге қолдайық! 💪

