Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2025 жылдың 17  сәуірінде Астана  қаласы әкімдігінің Әдістемелік  орталығының  жоспарына  сәйкес, №43 қосымша білім  беру мектеп-орталығында «Ерекше білім беруді қажет ететін баланың шығармашылық қабілетін дамытудағы педагог шеберлігі» атты  қалалық форум Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» қолдауымен  өтті.

Форумға білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері, арнайы мамандары, педагог-ассистенттер, педагог-психологтар, Астана  қаласы әкімдігінің «№2 психологиялық -педагогикалық түзету кабинеті» педагог -психологтары Бектурганова Дидар Шайхысламовна, Тоқтанова  Қымбат Жанатқызы, Нурышева Ляззат Жумановна, Астана  қаласы әкімдігінің «№9 психологиялық -медициналық -педагогикалық кеңес»  ұйымының педагог -логопед, педагог -дефектологы Амарова Асемгуль Ташкенбаевна. Жекеменшік қор «Дара»  жобасының  жетекшісі Бексултанова Сауле Дюсембаевна  онлайн  қосылды. «Glover Foundation» қоғамдық  қоры бағдарламалық  бастамалар мен сыртқы байланыстарының  басшысы Адия Балтабекова және осы қордың  құрылтайшысы Кыраубаева Марал Асылбековна бүгінгі  форумға  арнайы  келді. Сонымен  қатар, мектептің ата -аналар қауымдастығы атынан Баубекова Гульнар Балташевна, Жунусова Гульнур Кадыржановна және Есназарова Лаура Әбдіғаниқызы қатысты. Форумның  модераторы – мектеп  директоры Такебаев Руслан Манарбекұлы болды.

Панелдік талқылау бөлімінде арнайы мамандар «Қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу қиындықтары бар балалардың қарым-қатынас дағдыларын әлеуметтік ойындар арқылы дамыту» тақырыбында баяндамалар  жасап,  іс -тәжірибе  тұрғысымен бөлісті.

Мектептің  арнайы  мамандары  ЕБҚЕ балалармен дайындағын «Шалқан»  ертегісі қойылды. Ролдерде  ойнаған:

1.Ярослав Геньсор -4 «» сыныбы;

  1. Фазлиахметова Роксана
  2. Серикқызы Адия

4.Альжанов Аңсар

5.Федотова Ульяна

6.Кайрат Дария.

Дайындаған арнайы педагогтер: Касенова Алтынай Хамитовна, Какенова Айгул Болатовна, педагоги- ассистенты және автор сөзін  оқыған Жохова Елена Юрьевна. Ю.Лермонтовтың «Бородино» өлеңін Ярослав Геньсор

жатқа  оқыды.

Сондай -ақ,  2024 жылы Астана  қаласы бойынша Гиннестер  рекордтар кітабына енген  3мың домбырашылардың ішінде  өнер көрсеткен  Жігер  Қойшыбаев Құрманғазының күйі «Адайды» орындады. Көркемдік жетекшісі Маикибаев Жанат Абдыкадырович.  Жігер  бірнеше республикалық, қалалық шығармашылық  байқаулардың  жеңімпазы, «Шаттық -2024» күй номинациясы бойынша  алтын  медаль  иегері.  Биылға «Шаттық -2025» байқауына домбырамен ән салу номинациясы бойынша қатысып,  жаңа  қырынан  көрінді. Дипломант атандыдарынды  оқушы Жігер Қойшыбаев.

Шеберлік сабақтар мен  тренингтер өткізген мектеп  мұғалімдері:

1.«Қазақ тілі сабағында ойын элементтері арқылы қызығушылықты дамыту» —    Абищаев Серикбол Жанаевич-  қазақ  тілі мен әдебиеті  пәні  мұғалімі; 

2.«Дене  шынықтыру  сабағындағында қолданылатын  ойын  технологиялары»-Тилеубек Ауез, Ельев Сергей Дмитриевич, Гуреев Рустам Анатольевич Абдикадиров Досмухан Бактыкулович- дене шынықтыру  пәні мұғалімдері;

  1. «Арт-терапия» для детей с особыми потребностями» — Завадская Галина Николаевна, Хабдулина Гулдана Токшылыковна, көркем еңбек пәні мұғалімдері;
  2. «Ерекше білім беруді қажет ететін баланы оқытудағы технологияларды  қолдану тиімділігі» — Махметова  Мадина Болатовна, информатика  пәнінің мұғалімі.

Қорытынды  сессия:

  1. «Ерекше білімді беруді қажет ететін баламен  қызметті ұйымдастыру»-

Кусбекова Сандугаш Темировна,  директордың  оқу ісі  жөніндегі орынбасары;

  1. «Психологиялық дамуында ерекшелігі бар баламен  жұмысты

ұйымдастырудағы психологияның рөлі»- Сапаргалиева Аяжан Бауыржанқызы, мектептің  психологы;

Қалалық форумның аясында   Астана  қаласы әкімдігінің «№2 психологиялық -педагогикалық түзету кабинеті» мен Астана қаласы «№43 қосымша  білім  беру мектеп -орталығы» арасында    ынтымақтастық меморандумы бекітілді.

Форум  барысында «Тіршілік  ағашы»  мектеп ауласында ағаш отырғызу акциясыда  ұйымдастырылды. ЕБҚЕ  оқушылардың  шығармашылығынан «Шексіз  өнер» сурет  көрмесі ұйымдастырылды.

Форумға 52 мектептен 60 мұғалімдер мен арнайы мамандар  қатысты.