3 қаңтар күні 43 ҚББМО-да ағылшын тілі онкүндігі аясында 8–10 сынып оқушылары арасында «Поле чудес» (Field of Wonders) интеллектуалдық ойыны өткізілді. Шараның мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын байыту, логикалық ойлау қабілетін дамыту және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.
Сайыс барысында қатысушылар ағылшын тіліне қатысты түрлі тақырыптар бойынша берілген сөздер мен тапсырмаларды орындап, өз білімдерін, зейінін және жылдам ойлау қабілеттерін көрсетті. Ойын тартысты әрі қызықты өтіп, оқушылар белсенділік танытып, топтық және жеке жұмыс дағдыларын дамытты.
Ұйымдастырушылар:
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері

