Астана қаласы #43 ҚББМО » Інжу » этномәдени лагері 1 маусымнан бастап жұмыс жасап жатыр, лагерьге 10-12 бала қатысып жүр.
Лагердің мақсаты: балалардың демалысын қызықты, әрі пайда етіп ұйымдастыру; Ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрді дәріптеп, насихаттау; оқушыларға ұмыт бола бастаған дәстүрлерді көрсету; тоқыма жіппен тоқу, жүн түту, және қолөнермен танысу; ұлттық ойындарды ойнау; қазақтың ауыз әдебиетімен танысу.


