Мектептің байланыс нөмірі 8(717)291-86-63

📚 «Кеше – тәжірибе, бүгін – таңдау, ертең – үміт» атты үштік кездесу📚

Бүгін №43 ҚББ мектеп-орталығында қалалық педагогикалық ардагерлер кеңесінің «МЕН және СЕН» жобасы аясында “Кеше – тәжірибе, бүгін – таңдау, ертең – үміт” атты кездесу ұйымдастырылып, ұрпақтар сабақтастығы мен тәрбиедегі ортақ құндылықтарды жаңғыртуға арналды. Дөңгелек үстелге 25 ұстаз бен мектебіміздің 5 белсенді ата-анасы қатысты.

Ардагер ұстаздарымыз өздерінің ұстаздық жолындағы естеліктерімен бөлісіп, жас мамандар мен ата-аналарға өмірлік тәжірибелерінен сыр шертті.
Ата-аналар мен ұстаздар тарапынан да белсенді пікірлер мен қызықты сұрақтар қойылып, «Бір сұрақ – бір жауап» форматында жылы әңгіме өрбіді.
Кездесу барысында бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, мектеп пен отбасының бірлесе әрекет ету маңызы, жаңа заманның тәрбиелік ерекшеліктері жайлы ойлар ортаға салынды.

Кездесудің басты мақсаты – ұстаз бен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, ардагер ұстаздардың өмірлік тәжірибесін жас буынға жеткізу, рухани сабақтастықты сақтау болды.

Кеш соңында қатысушылар жылы лебіздерін білдіріп, мектеп директоры Такебаев Руслан Манарбекұлы сөз сөйлеп, ардагер ұстаздарымызға ұжым атынан алғысын айтты. Осындай мазмұнды, жүрекке жылу сыйлаған кездесулер ұстаздық пен ата-аналық тәрбиенің өзара байланысының айқын көрінісі болды.