Мектептің байланыс нөмірі 8(717)291-86-63

Бүгін біздің мектеп оқушылары Ақкөл ауданы, Аққайың ауылындағы «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қарттармен жүздесті.

Жастар ардагерлерге арналған шағын концерттік бағдарлама ұсынып, ән мен күйден шашу шашты.
Қамқорлық пен мейірімге толы бұл кездесуде оқушылар өз қолдарымен дайындаған сыйлықтарын тарту етіп, үлкендерге қуаныш сыйлады.

Мұндай игі шаралар – оқушылардың жүрегіне ізгілік дәнін сеуіп, адамгершілік пен алғыс сезімін ұялатады.
Қарттарымыздың ақ батасы мен жылы лебізі – ең қымбат сый!