Мектептің байланыс нөмірі 8(717)291-86-63

Заң мен тәртіп айлығы аясында желілік кестеге сәйкес мектебімізде 8–11 сынып оқушыларына арналған «Менің құқығым – менің жауапкершілігім» тақырыбында маңызды іс-шара өтті.

Іс-шараға жалпы 155 оқушы қатысты.
Кездесу барысында Сарайшық ауданының ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны А.А. Алходжаева,
жедел уәкіл Сәдіман Е.О. және
аға жедел уәкіл Мустафаев Е.Б. оқушылармен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингке нөлдік төзімділік, интернет қауіпсіздігі және заң алдындағы жауапкершілік мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.