🚨 «Назар аударыңыз – балалар!» республикалық акциясы
2026 жылғы 18–25 мамыр аралығында елімізде балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кең ауқымды шара өтуде.
👮♂️ Акцияның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, балалардың жолдағы қауіпсіздігін сақтау және қоғам назарын бала қауіпсіздігіне аудару.
🔹 Жол ережелерін сақтайық
🔹 Жылдамдықты асырмайық
🔹 Балаларды арнайы қауіпсіздік белдігімен тасымалдайық
🔹 Балаларға үлгі болайық
Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі – ең басты құндылық!
Әрқайсымыз жауапкершілік танытып, бала қауіпсіздігіне бірге атсалысайық!

