Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана қаласы  әкімлігінің  «№43  қосымша  білім  беру мектеп -орталығы»

    «Нысаналы мектептер» республикалық  жоба аясында  білім  ұйымында  2024-2025  оқу жылының  қыркүйек  айынан  бастап Астана  қаласы «Өрлеу» орталығының аға  оқытушысы Данияр Шарипұлы және Астана  қаласы Әдістемелік  орталықтың  әдіскері, мектептің  менторы Оразбекова Гулзира Алиакпаровнаның  жетекшілігімен,  ашық сабақтар, іс -тәжірибе алмасу семинарлары ұйымдастырылды.

Үстіміздегі  жылдың ақпан  айының  25 күні Астана қаласының бірқатар  мектептерінің  ұстаздары: Ахметова А. (№24 мектеп); Кабылова А., Балкабаева А.,(№57мектеп); Есіл Ж., Хаздай Н., Ержан Қ. (№40), Абдыкаримова С. (№78 мектеп) және серіктес мектеп №17 МГ бастауыш сыныптары бойынша  директордың ОІЖ  орынбасары Рамазанова А. қатысуымен «Оқу мақсаттары мен сабақ  мақсатының қол  жетілімдігі» тақырыбында  кеңейтілген тәжірибе алмасу семинары өтті.

   

Мектеп ұстазарымен бірлесе отырып, сабақтың құрылымы талқыланды. Мектептің жас мамандарына   тәжірибелі ұстаздар сабақ беру барысындағы әдіс -тәсілдерді көрсетіп, іс -тәжірибемен  бөлісті. Кері байланыстар жасалды.

   

«Мектептің әлеуетін дамыту» іскерлік жобасын жүзеге асыру және ауқымын кеңейту аясында Астана қаласы әкімдігінің «№43 ҚББМО» әкімшілігінің бастамасымен Астана қаласы әкімдігінің «Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп -гимназиясы» арасында мектептің әдістемелік жұмысын жандандыру мақсатында меморандумға қол қойылды. Іскерлік жоба 3 бағытты қамтиды: «Тілдер», «Математика» және «Мектеп оқушыларын ғылыми жобаларға дайындау». Жоспар бойынша 2025 жылдың 10 ақпанында №17 МЛ ұстаздары: Сералимова Сауле Амантаевна (ағылшын тілі пәні) педагог -зерттеуші, Торебекова Асел Канатбековна (бастауыш сынып) педагог сарапшы бастауыш буын, орта және жоғары сыныптарының пән мұғалімдеріне «Көпқырлы сабақ» -ашық сабақтар технологиялық тәсілдер» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Ашық сабақтардың ҚМЖ жоспары талқыланып, оқу мақсатының қыр -сырына нақты жауаптар алынды. Әріптестер тарапынан оқушының бағалануы бойынша да әдіс -тәсілдер көрсетілді. Алдағы уақытта екі білім ұйым арасында кестеге сәйкес, ұстаздардың өзара тәжірибе алмасу мақсатында сабақтарға қатысу бойынша сұрақтар да талқынды.

   

 

Директордың    ОІЖ  орынбасары                            С.Кусбекова