🔰Мектепте кезекті №3 педагогикалық кеңес өткізілді.🔰
Кеңес барысында оқу-тәрбие үдерісінің өзекті мәселелері талқыланып, білім сапасын арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар мен шешімдер қабылданды.
Алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалды.
Бүгінгі кеңестің форматы бұрынғыдан өзгерек болды. Педкеңес ұстаздарды шағын командаларға бөлу арқылы топтық жұмыстарды орындау нәтижесінде тиісті шешімге қол жеткізуді көздеді. Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен өткен педкеңесте директордың тәрбие ісі жөнінде орынбасары Аубакирова Г.И. жалпы ақпараттарды атап өтсе, Нурманова Р.К. қосымша білім беру бағытында сөз сөйлеп, ұстаздармен кішігірім сергіту ойынын өткізді.
Мектебіміздің белсенді ұстазы Тагаева М.К. “Абай ілімін- мектеп қабырғасындағы көрінісі” жайында сөз сөйлеп, ұстаздардан құралған топтарға дискуссияға арналған бірнеше сұрақтар мен практикалық тапсырмалар құрастырып:
1.Абайдың “Толық адам” концепциясын оқушылардың бойына қалай сіңдіреміз;
2. Абай ілімінің қазіргі бағалау жүйесіндегі көрінісі;
3. Абай атамыздың Қара сөздерін білім беру процессіне ұтымды енгізу жолдары талқыланды.
Ұстаздар арасында қызу талқыға түскен сұрақтардың нәтижесі әртүрлі шешімдер мен ойларды жинақтап, бір шешімге тоғыстырды.

