Мектептің байланыс нөмірі 8(717)291-86-63

1 қазан 2025 жылы №97 мектеп базасында республикалық пікірсайыс турниріне арналған қалалық іріктеу кезеңі өтті.
Іріктеу кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қызу тартысқа толы пікірталастармен ерекшеленді. Турнир “Дүниежүзілік мектеп форматында”жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
– Оқушылардың логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту,
– Ой-пікірін еркін әрі дәлелді жеткізе білуге үйрету,
– Қоғамдық белсенділікті арттыру,
– Зияткерлік және шешендік дағдыларын жетілдіру.
Аталған турнир – жас дебатерлерге өз мүмкіндіктерін көрсетуге және жаңа белестерді бағындыруға жол ашатын маңызды алаң.