Мектептің байланыс нөмірі 8(717)291-86-63

«Тіл — ұлттың жаны, халықтың жыры, өткеннің үні, болашақтың тынысы».

Бүгін мектептің кіреберісінде таңғы көңіл күй ерекше болды — Қазақ тілі апталығының ашылуы салтанатты түрде өтті!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері түрлі қызықты ойындар мен тілдік викториналар ұйымдастырып, оқушылардың көңілін көтерді.
Қонақтарға бауырсақ пен тәттілер ұсынылып, қазақтың қонақжай дәстүрі көрініс тапты.

Ерекше әсерлі сәттердің бірі — өзге ұлт өкілдері оқушыларының қазақ тілінде өлең оқуы болды. Олардың әр сөзі, әр шумағы – қазақ тіліне деген құрмет пен сүйіспеншіліктің дәлелі іспетті.

Апталықтың алғашқы күні осылайша жылылық пен мерекелік көңіл күйге толы болып өтті.
📖 «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»