Мектептің байланыс нөмірі 8(717)291-86-63

«Құқықтық мәдениет» құқықтық сауаттылық тақырыбында 11-сынып ата-аналарына арналған жиналыс өтті

Мектебімізде 11-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған құқықтық бағыттағы жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыстың мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын түсіндіру және ата-аналардың құқықтық жауапкершілігін арттыру.

Жиналыс барысында арнайы спикерлер сөз сөйледі:

🔹Сарайшық АПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция подполковнигі Абдрахманов Е.И.
🔹 Сарайшық АПБ кәмелетке толмағандардың істері жөнінде полиция лейтенанты Серікбай М. С.

Кездесу барысында ата-аналарға заң талаптарын сақтау, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік, қауіпсіздік шаралары және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.