Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

 

              Сіздерді «Бұқаржырау үні»- атты Астана қаласы әкімдігінің

«Әдістемелік  орталығы» КММ қолдауымен, білім  беру  ұйымдары мен  қосымша  білім  беру ұйымдарының:  тілдер, музыка, тарих,  көркемеңбек мұғалімдерінің қатысуымен  өтетін ғылыми -шығармашылық  конференцияға шақырамыз.

І. «Бұқар  жырау үні». Бұл  бағытта  қатысушылар кез келген аспапта (қобыз, домбыра, сырнай) өзіндік бір мақамға салып, Бұқар  жырау Қалқаманұлының  толғауларын  орындайды;

ІІ. «Жырау ізімен». Бұл бағытта қатысушылар Бұқар  жырау Қалқаманұлының  толғаулары негізінде өз шығарма -толғауларын    оқиды.     

   Өзге ұлт өкілдері Бұқар  жырау Қалқаманұлының  толғауларын (10-15) жатқа оқиды;

ІІІ. «Ал, айтамын, айтамын». Бұл байқауға Бұқар  жырау Қалқаманұлының ірі оқиғаларға ең көп қатысқан  көрнекті қайраткер, аса ірі тарихи тұлға   ретінде  сипатталған баяндамалар ұсынылады;

ІҮ. «Толғаулардан туындыға» Бұл байқауға қатысушы бейнелеуші -суреттеуші   Бұқар жырау Қалқаманұлының  толғауларындағы сол  тұстағы  тарихи  оқиғаларды және кейіпкерлердің  суреттерін  салып, қолөнер  бойынша ағаш ою, батик, киізбен жұмыс, тоқыма коллаждары, жұмсақ ойыншық, кесте туындысын  ұсынады.

Конференция аясында «Көкілташта  оқыған  қазақ ғұламалары» атты кітаптың  таныстырылымы өтеді.

«Қызыққа  тоймас,  адамзат» тақырыбында  көрме ұйымдастырылып,  шеберлік  сағаты өтеді.

Сонымен қатар конференцияға қоғам  қайраткерлері, ардагер ұстаздар, танымал тұлғалар, зерек жастар шақырылды.

Іс -шараның  өтетін  күні мен уақыты:

25 сәуір, 2025 жыл, сағат 10.00.

Өтетін жері:  Астана қаласы, Мичурин т.а. Бастау -2, «№43 ҚББМО»;

 

    Байланыс номерлері: 87475181882 (Такебаев Р. М.,мектеп директоры)

                                             87026422545 (Кусбекова С.Т.)

CamScanner 11.04.2025 12.53 (1)