РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ! 🇰🇿
Бүгін мектебімізде ұлық мереке — Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті!
Іс-шара барысында оқушылар еліміздің тарихы мен тәуелсіздікке жету жолындағы ұлы тұлғалар ерлігін дәріптеп, әсерлі көріністер, патриоттық әндер мен би нөмірлерін ұсынды.
Бұл күн – барша қазақстандықтар үшін еркіндік пен бірліктің, елдік пен егемендіктің нышаны.
Оқушылардың өнері мен шынайы отансүйгіштігі көрермен көңілінен ерекше орын алды.
Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

