Кеше мектебімізде «Саңлақ» ғылыми қауымдастығының ұйымдастыруымен І мектепішілік ғылыми жобалар сайысы жоғары деңгейде өтті.
Бұл сайыс оқушылардың ғылыми ізденісін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өз ойларын еркін жеткізіп, зерттеу жұмыстарын қорғауға үлкен мүмкіндік берді. Қатысушылар өз жобаларын таныстырып, тың идеялары мен зерттеулерін ұсынды.
Жас зерттеушілеріміздің ғылымға деген қызығушылығы мен ізденісі ерекше қуантты. Болашақта бұл оқушыларымыз үлкен жетістіктерге жетіп, еліміздің ғылым саласына үлес қосады деп сенеміз.
Сайысқа қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 👏🏆
