Мектептің байланыс нөмірі 8(717)291-86-63

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «СПОРТ — ДЕНСАУЛЫҚ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ — ЕҢ ҮЗДІК МӘДЕНИЕТ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН ІС-ШАРА

ҚР күніне орай ұйымдастырылған «Спорт — денсаулық, дене шынықтыру — ең үздік мәдениет» акциясы аясында бастауыш сынып оқушылары спорт тақырыбында сурет салып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Балалар әртүрлі спорт түрлерін бейнелеп, салауатты өмір салтының маңызын сурет арқылы жеткізе білді.

Іс-шара оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Сурет салудан кейін балалар шағын футбол ойнап, белсенділік танытты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар:
№43 қосымша білім беру мектеп орталығының дене шынықтыру пәні мұғалімдері:
Абдикадиров Д.Б.
Гуреев Р.А.
Ельев С.Д.
Тілеубек А.