Мектептің байланыс нөмірі 8(717)291-86-63

🐦 «Құстар күні» акциясы

43-мектептің 7 «Ә» сынып оқушылары «Құстар күніне» орай экологиялық акция өткізді 🌿

Іс-шара барысында оқушылар құстардың табиғаттағы маңызы туралы ақпарат алып, оларға қамқорлық жасаудың жолдарын үйренді. Сонымен қатар, құстарға ұя жасап, жем беріп, табиғатты қорғау бағытында белсенділік танытты.

Оқушылар акцияға үлкен қызығушылықпен қатысып, өздерінің табиғатқа деген жанашырлықтарын көрсетті 💚