2026 жылдың 9 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің №43 қосымша білім беру мектеп-орталығының ұстаздары Жапония мемлекеті Гуфу университетінің профессоры Хакумура Наоя мырзамен кездесу өткізді.
Профессордың зерттеу тақырыбы: бұрынғы кеңестік елдердегі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін, сондай -ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мемлекеттік қолдау шаралары.
Кездесуге дейінгі уақытта мәртебелі қонақ мектеп ғимаратын аралап, сонымен қатар мектептің жылыжайымен де танысты.
Бір жарым сағаттық кездесу өте тартымды өтті. Кездесу барысында инклюзия мәдениетін қоғамға толыққанды енгізу, ерекше білімді қажет ететін балаларды құрметпен қабылдау, әр балаға жеке тәсіл бойынша қолжетімді біліммен қамту сияқты тақырыптарда көптеген сұрақтар талқыланды.
Танымдық кездесуді ұйымдастырған мектеп директоры Р.Такебаев келген қонақтарға ұжымның атынан алғысын айтты.
Кездесу соңында мәртебелі мейманмен ұжым естелік суретке түсті.


