Мектептің байланыс нөмірі 8(717)291-86-63

«Таза Қазақстан» республикалық акциясына біздің мектеп те белсене қатысты. Акция аясында мектеп мұғалімдері сенбілікке шығып, мектеп аумағын тазалау жұмыстарына атсалысты.

Ұстаздар аула аумағын қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтіріп, тазалық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Таза орта – жарқын болашақ кепілі!