2026 жылғы 16 маусым күні №43 қосымша білім беру орталығы-мектебінің 9-сынып түлектеріне негізгі мектепті аяқтағаны туралы аттестаттарды тапсыру салтанатты рәсімі мерекелік көңіл-күйде өтті. Биыл негізгі мектепті 58 түлек тәмамдады, оның ішінде 2 түлек оқу озаты атанып, 3 түлек мақтау қағазымен марапатталды. Түлектерге арналған ізгі тілегін мектеп директоры Такебаев Руслан Манарбекұлы жеткізді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Изатова Алмагүл Есенгелдіқызы да түлектерді негізгі мектепті аяқтауларымен құттықтап, аттестаттарды тапсыру рәсімін бастады.
Іс-шара барысында алғашқы ұстаздар Данабекова Г.М., Жүнісова О.В., сондай-ақ сынып жетекшілері Завадская Галина Николаевна, Рүстемова Бибіжан Мырзашқызы, Жылқыбаева Мария Қабылданқызы сөз сөйлеп, түлектерге ақжарма тілектерін білдірді. Салтанатты бөлімнен кейін түлектер өздерінің шығармашылық құттықтауларын ұсынып, сынып жетекшілеріне, ұстаздарына және мектеп әкімшілігіне алғыстарын білдірді.
Барлық түлектерді негізгі жалпы білім беру бағдарламасын сәтті аяқтауларымен, өмірлеріндегі алғашқы білім туралы құжатты – аттестатты алуларымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындыруға тілектеспіз.

