Мектебімізде дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында ұлттық ойындардан сайыс өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрімізді насихаттау және оқушылардың ептілік, шапшаңдық, ұйымшылдық қасиеттерін дамыту.
Сайыс барысында оқушылар белсенділік танытып, өзара татулық пен бірліктің үлгісін көрсетті. Әр ойын тартысты да қызықты өтті. Ұлттық рухты сезінген оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың бойында елжандылық пен отбасылық құндылықтарға деген құрметті арттырары сөзсіз.

