Мектептің байланыс нөмірі 8(717)291-86-63

Биылғы жыл – адамзаттың ғұламасы Абай Құнабайұлының 180 жылдығы аталып өтілуде.
Осыған орай, үстіміздегі жылдың 19 желтоқсан күні Астана қаласы
№43 қосымша білім беру мектеп -орталығында «Ұлы Абай -ұлттың ұжданы» атты монолог -қойылымы тарих апталығы аясында ұйымдастырылды.
Іс -шараның мақсаты — ұлы тұлғалардың өлмес бейнелерін «жолықтыру арқылы» тарихқа терең бойлап, ұлттық сананың тұнығын рухтық деңгейге көтеру.
Абай рөлін мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ауез Тілеубек сомдаса, қазіргі жастар, болашақтың қадамын– 10 ә сынып оқушылары көркем ойнап шықты.
Мектеп директоры Р.Такебаев білім алушыларға «Абай жолы» романын оқуға кеңес беріп, «толық адам» болу жолында бас ақынның шығармашылығынан қол үзбеуге шақырды.
Іс -шара соңында Абайдың «Көзімнің қарасы» әні қатысушылармен қосылып, көрермендер де шырқады.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Кусбекова.